$ 494.87  520.65  4.91

102 жастағы зейнеткерді тонамақ болған ұры таяқ жеп кетті

"Қонақ" үйдің жарығын тексеруге келгенін айтқан.

Белгісіз біреу зейнеткердің үйіне кірген, деп жазады BAQ.KZ.

Оқиға ағылшынның Линкольн қаласындағы Линкольншир графтығында болған. 102 жастағы жергілікті тұрғын Джон және оның 97 жастағы жұбайы Джоан үйінде болғанда белгісіз біреу есік қаққан. "Қонақ" үйдің жарығын тексеруге келгенін айтқан. Зейнеткер оның сөзіне сенбей, есікті ашпай қояды. 

Сонда белгісіз адам есікті күшпен ашып, үйге кіреді де зейнеткерді бірнеше рет ұрады. Бірақ ата да оның соққысына жауап қайтарады. "Қорыққан қонақ" қашып кетеді. Соққы салдарынан зейнеткер қатты жарақат алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары