$ 494.87  520.65  4.91

Лаңкестер салған лаң: Сирияның 7 миллионға жуық халқы әлемнің 45 елінде босып жүр

Ең көп босқындарды қабылдаған мемлекет – көрші Түркия. Ондағы Сирия азматтарынының саны 3 жарым миллионнан асады.
фото: dw.com
фото: dw.com

Сирияға соңғы бір тәулікте көрші елдерден 800-ден астам адам оралды. Дені Иорданиядан, тағы біразы Ливаннан қайтып келген. Олардың жартысынан астамы – балалар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ, әзірге Отанына оралған босқындар үйлеріне кіре алмай отыр. Себебі, онда миналардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Мамандар 2 гектардан аса аумақты тексеріп шығып, 29 жарылғыш заттың көзін жойған. Айта кеткен жөн, елде ұзақ жыл бойы қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. 2017 жылдың соңында үкімет жасағы мемлекетті лаңкестерден азат еткенін жариялады. Алайда, кейбір ауданда атыс-шабыс әлі жалғасуда. Осы ретте тұрғындар өзге елдерге босып кеткен.

БҰҰ-ның хабарлауынша, бүгінде әлемнің 45 елінде 6 жарым миллионнан астам сириялық ресми тіркелген екен. Ең көп босқындарды қабылдаған мемлекет – көрші Түркия. Ондағы Сирия азматтарынының саны 3 жарым миллионнан асады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары