23.02.2020, 23:45

Жердің тегіс екенін дәлелдемек болған азамат қолдан жасалған зымыранынан құлап, мерт болды (ВИДЕО)

Оны көруге келгендер әуесқой ғарышкердің парашюты ашылмай қалғанын және жерге құлағанын видеоға түсіріп алды.

АҚШ-та бірнеше рет жердің тегіс екенін дәлелдемек болып, «Есуас Майк» атанып кеткен әуесқой ғарышкер Майк Хьюз қаза тапты, деп хабарлайды «Айқын» газеті, Daily Mail-ге сілтеме жасап.

22 ақпан күні Хьюз Калифорния штатындағы шөлде өзінің қолдан жасалған зымырандарында бес мың фут биіктікке көтерілуді жоспарлаған. Алайда, оны көруге келгендер әуесқой ғарышкердің парашюты ашылмай қалғанын және жерге құлағанын видеоға түсіріп алды.

БАҚ мәліметтері бойынша, Хьюздың демеушісі «Тегіс жер» қоғамы болды. Олардың ойынша, жер шынымен тегіс, ғарышкерлер өтірік айтады, ал жердің ғарыштан түсірілген суреттері – монтаж. Хьюздің өзі БАҚ-қа берген сұхбатында жер «фрисби формасына ие» және оған көз жеткізу үшін ғарышқа ұшуға ниетті екенін мәлімдеген.