$ 448.15  483.46  4.86

Коронавирустан қорыққан Қытай азаматтары мүшеқапты ғаламтор арқылы артығымен сатып алуда

Ең көп сатып алынған компьютерлік ойын – дене жаттығуы мен рөлдік ойындарды біріктіретін Switch консоліне арналған Nintendo Ring Fit.
Фото: Қазақ үні
Фото: Қазақ үні

Коронавирустан қорыққан Қытай азаматтары керек-жарағын ғаламтор арқылы сатып алуды жиілетті. Ең танымал өнімдер: компьютерлік ойындар, йога кілемшелері, кітаптар мен мүшеқаптар, деп хабарлайды zakon.kzИзвестия басылымына сілтеме жасап.

Көптеген сауда орталықтары мен дүкендер жабық, салдарынан автомобильдер мен смартфондардың сатылымы күрт төмендеген. Алайда денсаулыққа қажетті өнімдерге, ойын-сауық пен косметикаға сұраныс айтарлықтай артқан.

Ең көп сатып алынған компьютерлік ойын – дене жаттығуы мен рөлдік ойындарды біріктіретін Switch консоліне арналған Nintendo Ring Fit. Оның сатылымы 4 еседен астамға өсті. Йога мен жаттығуға арналған кілемшелері сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 250% -ға өсті, ал ақпан айында кітаптар 60% -ға жиі сатыла бастады. Билік бетпердесіз жүруге тыйым салғанына қарамастан, мұнда ерін далабы сатылымының көрсеткіші 7 есеге, көз бояулары 150% өсті.

"Қазір адамдарда уақыт көп, оны үйде қалай өткізерін білмей, іштері пысуда", - деді Шанхайдағы Wanqing Consulting компаниясының бас директоры Лу Чжэньван.

Сондай-ақ көп сұранысқа ие тауарлар тізімінде мүшеқаптар мен шаш кесуге арналған бұйымдар жиынтығы да бар, ас үй жабдықтарын сатып алу жеті есеге артты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары