Сауд Арабиясының рэп орындаушысы, жас әнші қыз – Асаил Слей Меккелік әйелдерге қатысты әніндегі «тәтті кәмпит» деген сөзі үшін ұзақ уақытқа қамалуы мүмкін, деп хабарлайды sputniknews.ru.
Бұл шу саудиялық қара нәсілді рэп әншісі Асаил Слей «Меккелік қыз» әніне арналған бейнеролигін жарыққа шығарғаннан кейін туындап отыр. Рэп мәтінінде қасиетті қаланың тұрғындары туралы бірнеше эпитеттер жазылған. Дәл сол жолдар Мекке губернаторы Халид әл-Файсалға ұнамапты. Қала билігі тез арада рэп әншісін қамауға санкция берген.
Асаил Мекке әйелдерін «күшті және әдемі» деп атайды, сонымен қатар қыздарға қатысты «тәтті кәмпит» эпитетін қолданады. Дәл сөз тіркесі Сауд Арабиясының губернаторын ашуға шақырған көрінеді.
Өз кезегінде көптеген әлеуметтік желі қолданушылары биліктің жас рэперге шүйлігуін орынсыз деп отыр. Осыған дейін Сауд Арабиясының шенеуніктері бірнеше рет ислам әндері тұрғысынан ұятсыз батыстық әншілерді көптеген іс-шараларға шақырып жүргенін алға тартып, рэп әншісіне бостандық беруді сұрап отыр.