$ 494.87  520.65  4.91

Стив Джобстың әйелі өзіне қалған мұраны балаларымен бөлісуге қарсы

Лорен Пауэлл сұхбатында қазіргі қоғамда экономикалық теңсіздік барын айтады.

Apple негізін қалаған Стив Джобстың әйелі Лорен Пауэлл Джобс The New York Times басылымына берген сұхбатында күйеуінің өлімінен соң оған тиесілі мұраны балаларына қалдырмайтынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Лорен Пауэлл сұхбатында қазіргі қоғамда экономикалық теңсіздік барын айтады. Ол мұраның ұрпақтан ұрпаққа берілуіне қарсы екенін айтып өтті.

"Күйеуімнің байлығы маған мұраға қалды. Балаларым мұны біледі. Күйеуімнен қалған ақшаны қайырымдылыққа жұмсаймын", - деді Стив Джобстың әйелі.

Айта кетейік, бүгінде 57 жастағы Лорен Пауэлл - әлемдегі ең бай әйелдердің бірі. Оның байлығы 21,6 миллиард доллар екені айтылады. Бұл 2019 жылдың қазан айындағы көрсеткіш. Қазіргі уақытта ол қайырымдылықпен айналысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мұра #Apple