08.03.2020, 17:25

Екеуі де быт-шыт: UFC тарихындағы үздік жекпе-жектің бірін қыздар жасады (ВИДЕО)

Ал Twitter қолданушылары тек Енджейчиктің түрін көріп шошыған. Олар қытайлық спортшы қарсыласының сау-тамтығын қалдырмағанын жарыса жазысып жатыр екен.

Аса жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуінің иегері Вэйли Чжан польшалық Йоанна Енджейчикпен жекпе-жек өткізіп, титулын қорғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Lenta.ru сайты жекпе-жек кезінде Чжан қарсыласының бетіне бірнеше рет жойқын соққы жасап, соның салдарынан польшалық спортшының бет-аузы қанталап қалды деп хабарлағанмен, видеодан екі спортшының да оңып тұрмағанын байқауға болады. Яғни, қытайлық спортшы да көзі көгеріп, мұрны қанап, қасы жарылып, быт-шыт болған.

Ал Twitter қолданушылары тек Енджейчиктің түрін көріп шошыған. Олар қытайлық спортшы қарсыласының сау-тамтығын қалдырмағанын жарыса жазысып жатыр екен. Тіпті, көптеген қолданушылар бұл жекпе-жекті UFC тарихындағы үздік кездесулердің бірі деп бағалады.

Чжан өзінің титулын алғаш рет қорғап отыр. Ол 21 рет жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. Ал Енджейчик 18 рет жеңіп, 4 рет ұтылған.

Тегтер: UFC жекпе-жек