$ 514.65  544.6  5.17

«Ливерпульға» жеңіс сыйлаған Мұхаммед Салах 2 рекордты қатар жаңартты

Жалпы, Мұхаммед – клуб тарихында Майкл Оуеннен кейін бұл жетістікке жеткен тұңғыш футболшы.
фото: ru.uefa.com
фото: ru.uefa.com

АПЛ-дың 29-туры аясында «Ливерпуль» өз алаңында «Борнмутты» қабылдап, (2:1) əзер жеңіске жетті. Енді 3 матчта жеңіске жетсе, чемпион атанбақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, newsroom.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша, «Ливерпуль» өз алаңында қатарынан 22 тур қатарынан жеңіске жетіп, ағылшын біріншілігінің жаңа рекордын орнатты. Бұған дейін бұл клуб 1972 жылы үзіліссіз 21 кездесуде қарсылас шыдатпаған еді. Үшінші орынды 20 жеңісі бар «Манчестер Сити», «Ньюкасл», «Принстон» ұжымдары бөлісіп тұр.

Бұл ойында мысырлық сұрмерген Мұхаммед Салах 2 рекордты қатар жаңартты. Біріншіден, Мұхаммед АПЛ-да мерейтойлы 100-ші ойынында алаңға шығып, 70-ші голына сүйінші сұрады.

Bleach Report порталының мәліметінше, ол – «Ливерпуль» жейдесінде аталған көрсеткішті ең жылдам бағындырған футболшы. 110 ойында 69 доп соққан Луис Суарес 2-сатыға сырғыса, үштікті (102 ойында 65 гол салған) Фернандо Торрес түйіндеді.

Екіншіден, бұл жолы Салах маусымдағы 20-шы голын салды. 27 жастағы ойыншы қатарынан 3 жыл бойы 20 голдық межені бағындырып отыр. Жалпы, Мұхаммед – клуб тарихында Майкл Оуеннен кейін бұл жетістікке жеткен тұңғыш футболшы.

Тағы оқи отырыңыз: Футбол Хасан мен Хұсейіннің басын қақпақылдаудан басталған ба?

Өкінішке қарай, «Ливерпульдың» алдыңғы 3 ойында ұтылғаны белгілі. Соңғы рет бұндай құлдырау осыдан 6 жыл бұрын болған. Жалпы, Клопп «Ливерпульмен» анти рекордтарды да тіркеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары