$ 446.49  475.38  4.79

Рамзан Қадыров өз қызын «Шешен Республикасына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады

Президенттің қызы – 10 жылдық тарихы бар Firdaws сән үйінің басшысы.

Рамзан Қадыровтың қызы Айшат Қадырова «Шешен Республикасына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы Шешенстан басшысының ресми сайтында хабарланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Марапатқа Рамзан Қадыровтың өзі қол қойған. Медальді Айшат Шешен Республикасының мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін алып отыр.

Президенттің қызы – 10 жылдық тарихы бар Firdaws сән үйінің басшысы. Сән үйі жақында ғана Парижде өзінің кезекті топтамалар жиынтығын көрсетті. Көптеген сән сарапшылары подиумда ұсынылған коллекцияны жоғары бағалаған.

Firdaws сән үйін 2009 жылы Шешенстан басшысының әйелі Медни Қадырова құрған. 2016 жылы ооны қызының қолына берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары