$ 514.65  544.6  5.17

Apple компаниясының әр мемлекеттегі барлық дүкені жабылды

Дегенмен Қытайдағы барлық сауда орындары өз жұмысын жалғастыра береді.

Apple корпорациясы Қытайдан басқа барлық мемлекеттегі дүкендер желісінің ресми сайтына маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды NewsRoom+.

Тим Куктың сөзінше дүкендер коронавирус індетінің өршуіне байланысты 27 наурызға дейін қызмет көрсетпейді. Сонымен қатар, барлық қызметкерлер үйде отырып, жұмыс істеп жатыр.

Дегенмен Қытайдағы барлық сауда орындары өз жұмысын жалғастыра береді.

Айта кетейік, сәл ертеректе Apple коронавирусқа байланысты жаңа смартфондардың таныстырылымын онлайн форматта өткізетінін жариялаған. Аталған іс-шарада iOS, iPadOS, macOS, watchOS және tvOS операциялық жүйесінің жаңа нұсқалары ұсынылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары