$ 449.58  486.94  4.86

Билл Гейтс өзі құрған Microsoft компаниясының басшылығынан кетті

«Форбс» журналының нұсқасы бойынша, Гейтс биыл қаңтар айында әлемдегі ең бай адамдардың ішінде үшінші орынды иеленген.

Аты әлемге мәшһүр америкалық кәсіпкер Билл Гейтс Microsoft компаниясының басшылығынан кетті. Ол мұндай шешімді денсаулық сақтау, білім, ғылым саласындағы қайырымдылық және климаттың өзгеруімен айналысу мақсатында қабылдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, kapital.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ, кәсіпкер компанияның бас директорының техникалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып қала бермек.

Еске сала кетсек, Microsoft компаниясын 1975 жылы Билл Гейтс пен Пол Аллен құрған. «Форбс» журналының нұсқасы бойынша, Гейтс биыл қаңтар айында әлемдегі ең бай адамдардың ішінде үшінші орынды иеленген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары