Германияда 15 жастағы мектеп оқушысы қызғаныштан үш жасар інісін пышақтап, оның қанымен анасына хабарлама қалдырған, деп хабарлайды Stan.kz.
Қыздың анасы ол үйде болмаған кезде інісіне қарауды өтінген. Бала ұйықтап жатқанда, әпкесі оны 28 жерден пышақтап, содан кейін жасырынуға тырысқан. Ол үйден 10 шақырым қашықтықта табылды.
Полицияның мәліметінше, ол ұстау кезінде қарсылық танытпады және сабырлы болып көрінді. Қыз кінәсін мойындады.
Органда қыздың қабырғада қанмен жазба қалдырғанын растады, бірақ ол жерде не жазылғанын айтудан бас тартты.
Қайтыс болған баланың анасының бұрынғы әріптесі қыз өзін шетте қалғандай сезініп, інісіне қызғанышпен қарағанын айтты. 15 жастағы оқушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.