$ 484.11  528.79  5.03

Қазақстанда саяхаттаған: 59 жастағы үнді әйелінен коронавирус анықталды

Осылайша, штаттағы коронавирус ауруының саны 32-ге дейін өсіп отыр.
фото: Almaty.tv
фото: Almaty.tv

Аурангабадтың (Үндістан) 59 жастағы тұрғынының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды үндістандық БАҚ.

Today.kz-тің India Today сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Отанына оралудан аз уақыт бұрын ол Қазақстан мен Ресей аумақтарында болған.

«Әйелдің коронавирустық инфекциясына тапсырылған сараптамасы оң нәтиже берді. Ол Ресей мен Қазақстанға сапар шеккен. Аурангабадтағы Дхут ауруханасына карантинге жатқызылды», - депті қала әкімшілігінің өкілі.

Осылайша, штаттағы коронавирус ауруының саны 32-ге дейін өсіп отыр. Ал 16 наурызда таңертең Қазақстанда Covid-2019 вирусы жұғуының 9 жағдайы анықталды. Оның ішінде 12 жастағы қыз бала да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары