$ 484.11  528.79  5.03

«Коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін созылады» – британдық БАҚ

«Келесі 12 айда халықтың 80 пайызына дейін Covid-19 жұқтырып, 15 пайызға дейін (7,9 миллион адам) ауруханаға жатқызылады деген болжам бар» деп жазылған табылған құжатта.
фото: liter.kz
фото: liter.kz

NHS (Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі) шенеуніктеріне арналған нұсқау құжатында коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін созылады және Ұлыбритания халқының 80 пайызы вирус жұқтырады деген болжам жазылған, деп хабарлайды tengrinews.kz, ағылшын БАҚ-ына сілтеме жасап.

«Келесі 12 айда халықтың 80 пайызына дейін Covid-19 жұқтырып, 15 пайызға дейін (7,9 миллион адам) ауруханаға жатқызылады деген болжам бар» деп жазылған табылған құжатта.

Ақпарат бойынша, құжат аурухана басшылары мен NHS аға дәрігерлеріне таратылған. Құжатты Англия азаматтарының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сарапшылар тобы жасаған. Басылым өкілдері оны Англияның Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшысы тексергенін және растағанын айтады.

Мысалы, Ұлыбританияда вирус жұқтарғандар саны алдағы апталар мен айларда ұдайы өсіп отырады, ал мамырдың соңы мен маусымның ортасына дейін олардың саны шарықтау шегіне жетеді деп болжанған.

Өйткені, 15 наурызда Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырғандардың саны 1372-ге дейін өскенін, ал қайтыс болғандардың саны 35 адамға жеткенін және 14 пациенттің ағзасынан COVID-19 анықталған соң қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары