$ 494.87  520.65  4.91

Нью-Йоркте жолбарыстан коронавирус табылды

Жануарлар ауруды «симптомсыз» ауырған зообақ қызметкерінен жұқтырған.
фото: massaget.kz
фото: massaget.kz

 Нью-Йорктегі Бронкс зообағында Нади аталған төрт жасар малай жолбарысының өлекшінінен (ұрғашы) коронавирус анықталды. Бұл – әлемде алғашқы жолбарысқа коронавирустың жұғуы, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN агенттігіне сілтеме жасап. 

«Жолбарыстан құрғақ жөтелі байқалған. Жыртқыш сауығып кетуі тиіс», - делінген Жабайы табиғатты қорғау қоғамының хабарламасында. 

АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зообақтағы басқа бес жолбарыс пен арыстанда респираторлық ауру белгісі болғаннан кейін жолбарыстан сынама алынған. Зообақ өкілдерінің айтуынша, тәбетті аздап төмендегеніне қарамастан, Бронкс зообағындағы мысық тұқымдас жыртқыштардың жағдайы жақсы. Аңдарды ветеринарлар бақылап отыр.

 «Ірі мысық тұқымдастарда бұл аурудың қалай дамитыны белгісіз, өйткені мысық тұқымдас аңдардың әрқайсысы жаңа инфекциялар әрқалай жұғады. Бірақ біз олардың жағдайын мұқият қадағалап отырамыз»,- делінген хабарламада.

 Мамандар барлық жыртқыш жазылып кетеді деп болжап отыр. Жануарлар ауруды «симптомсыз» ауырған зообақ қызметкерінен жұқтырған. Айта кетерлігі, Бронкс зообағы 16 наурыздан бастап жабылды. АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігі коронавирус жұқтырғандардың барлығына вирустың әсері туралы ақпарат пайда болғанша, үй жануарларымен, басқада аңдармен байланысты барынша азайтуға кеңес береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус