$ 498.34  519.72  4.85

Үндістан тұрғындары алғаш рет Гималай тауын анық көрді

Пенджабадағы ауаның ластану деңгейі төмендеді.

Солтүстік Үндістандағы Пенджаб штатының тұрғындары алғаш рет экологияның жақсаруына байланысты Гималай тауларының төбесін айқын көрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz, CNN дерегіне сүйеніп.

Джаландхар қаласы мен оның төңірегінде тұратын адамдар әлеуметтік желілерде таулардың суретін жариялап жатыр, олар тау шыңдарын ондаған жылдар бойы көре алмағанын жазған.

"30 жылда алғаш рет Гималайды анық көрдім, себебі ауа тазарды. Таңғаларлық жайт", - деп жазды Манджит Канг.

"Гималай тауларын Жаландхардан көруге болады, өйткені Пенджабадағы ауаның ластану деңгейі төмендеді. Әдемі көрініс", - деп жазады "TjSingh" атты желі қолдаланушысы.

22 наурыздан бастап Үндістанда коронавирус пандемиясына байланысты қатаң карантин режимі қабылданды. Елдегі ауа сапасы өңірде өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысы мен автокөлік жүрісі тоқтағаннан кейін жақсарды. Үндістанның экологияны бақылау жөніндегі орталық кеңесі шектеулерді енгізгеннен кейін алғашқы күні әуе кеңістігі 44 пайызға тазарғанын анықтады. Карантиннің бірінші аптасында елдің 85 қаласында экологиялық жағдай жақсарды.

"Iqair AirVisual World Quality" деректеріне сәйкес, әлемнің ең ластанған 30 қаланың ішінде 21 қала Үндістанда орналасқан. Олардың алтауы бірінші ондыққа кіреді.

Бұған дейін Италияда карантинге байланысты ауаның ластану деңгейі жақсы төмендегені хабарланған. Осындай өзгерістер Қытай мен Алматыда байқалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары