$ 498.34  519.72  4.85

Өлікке толы көлік: 4 жүк машинасына 60 адамның мәйіті тиелген болып шықты

Қоршаған ортаны қорғау департаменті жерлеу бюросының иесіне жағымсыз иіс үшін екі ескерту жасаған.

Нью-Йорктің Бруклин ауданындағы жерлеу бюросының маңында тұрған төрт жүк көлігінен 60 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy, CNN-ге сілтеме жасап.

«Жерлеу бюросы лық толып, мәйіттерді кремацияға дейін сақтайтын орын болмағандықтан, жүк көліктерін пайдаланған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, жүк көліктерінің бірінде салқындату жүйесі болмаған», - деп жазылған ақпаратта.

Қоршаған ортаны қорғау департаменті жерлеу бюросының иесіне жағымсыз иіс үшін екі ескерту жасаған.

«Жерлеу бюросының басшылары мәйіттерді жерлеуге немесе кремациялауға дейін барлық талаптарды орындай отырып сақтауы тиіс», - деп жазылған Нью-Йорк штаты Денсаулық сақтау департаментінің сайтында осы оқиғаға қатысты жарияланған материалда.

Айта кету керек, Нью-Йорк АҚШ-тағы коронавирус ошағы саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары