$ 444.22  476.38  4.82

«Дайын отырмыз»: Солтүстік Корея әскері Оңтүстік Кореяның шекара бекетіне оқ жаудырды

Оқиғадан кейін Оңтүстік Корея әскерилері радио арқылы ескерту жіберіп, екі рет жауап ретінде қарсы оқ жаудырғанын растады.

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореядағы қарусыздандырылған шекара бекетіне оқ жаудырды, деп хабарлайды holanews.kz, en.yna.co.kr агенттігіне сілтеме жасап.

КХДР жергілікті уақытпен 7:41 шамасында Чхорвон шекара қаласы маңында оқ атқан.

Оңтүстік Корея зардап шеккендер мен зақымдалған объектілер туралы хабарлаған жоқ. Оқиғадан кейін Оңтүстік Корея әскерилері радио арқылы ескерту жіберіп, екі рет жауап ретінде қарсы оқ жаудырғанын растады.

«Біз оқиғаның анық-қанығын біліп, осындай жайтты енді болдырмас үшін кореяаралық байланысты іске қосып жатырмыз. Сонымен қатар, дайын отырмыз», - деп мәлімдеді Оңтүстік Кореяның штаб комитеті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары