$ 498.34  519.72  4.85

Қалмақ елінде коронавирус індетіне 351 адам шалдығып отыр

Ел астанасы Элиста мен Яшкуль ауданындағы жұқпалы ауруханалар емханасындағы орын саны 100 пайызға толған.

Қалмақ елінің Денсаулық сақтау министрі Юрий Кикенов Инстаграмдағы тікелей эфирде елде 351 адамның коронавируспен ауырып жатқанын айтқан. Бұл туралы elista.org басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

Ресей Федерациясының құрамына кіретін ол елде бүгінде 8 адам ауыр күйде жатса, 4 адам өкпеге жалғанатын аппаратқа қосылған. Республикада жұқпалы дертпен ауырған адамдардың өсім саны – 29 адамға артса, 54 адам айығып шыққан.

Ел астанасы Элиста мен Яшкуль ауданындағы жұқпалы ауруханалар емханасындағы орын саны 100 пайызға толған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары