$ 494.87  520.65  4.91

Жерсеріктік суреттер Қытай әскерінің аралда ірі дайындық жасап жатқанын көрсетті

Ал бірнеше күн бұрын АҚШ ядролық бомбалаушы ұшақтарын Үнді-Тынық мұхиты аспанына жіберді. Вашингтонның бұл әрекетін халықаралық сарапшылар «Бейжіңге ашық қыр көрсету» деп атады.

Жерсеріктік суреттер Қытайдың ірі әскери қимыл жасап жатқанын көрсетті, деп хабарлайды qamshy.kz, британиялық Daily Express басылымына сілтеме жасап.

Жерсеріктен түсірілген суреттерде Оңтүстік Қытай теңізінің солтүстігінде орналасқан стратегиялық аралдардағы Файер Крест рифінде Қытай әскери күштерінің күтпеген қозғалысы байқалған.

«Джейн ақпараттық тобы» деп аталатын қорғаныс барлау тобы «бұл Қытай Азаттық Армиясы рифті әуе күштері операциясының базасы ретінде қолдана бастағанының бір белгісі болуы мүмкін» деп ескертті. Джейн ақпараттық тобының негізгі сарапшысы Шон О'Коннордың айтуынша, онда кемінде үш бақылау ұшақтары үшін орындар бар. Ал басқа ұшақтардың ашық жерлерге қонуына болады.

Daily Express-тің ақпаратынша, Қытай көрші елдердің наразылығына қарамастан, халықаралық даулы сулардағы жасанды рифтер құрылысын бастап, аяқтауға бел буған.

Айта кетейік, соңғы кездері даулы аймаққа қатысты АҚШ одақтастары мен Бейжің арасында шиеленіс күшейе түсті. Вашингтон бір айдың ішінде екі рет соғыс кемелері мен әскери ұшақ тасушы кемелерін аймаққа жіберген. Ал бірнеше күн бұрын АҚШ ядролық бомбалаушы ұшақтарын Үнді-Тынық мұхиты аспанына жіберді. Вашингтонның бұл әрекетін халықаралық сарапшылар «Бейжіңге ашық қыр көрсету» деп атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары