04.06.2020, 10:40

Тірідей жерленген азамат адам сенгісіз жағдайда аман қалды

Фото: ашық дерек көзі
Қылмыскерлер ер адамды жерге тірідей көміп кеткен.

Қаскөйлер ер адамды ұрып-соғып, аяқ-қолын байлап жерге көміп кеткен. Ол байланған аяқ-қолын босатып, өзі жер бетіне шыққан.

Үндістанның Гондал қаласының тұрғыны таңғажайып жағдайда ажалдан аман қалды. Қылмыскерлер ер адамды жерге тірідей көміп кеткен, деп хабарлайды sputniknews.kz ақпарат порталы The Times of India басылымына сілтеме жасап.

Капил Маракананың бұрынғы жұмыс берушісі оны шығын келтірді деп айыптайды. Ол өзінің серіктестерін азғырып, Маракананы жазалауды тапсырады. Олар ер адамды ұрлап, қала сыртына шығарып, ұрып-соғады. Онымен қоймай аяқ-қолы байланған адамды тірідей жерге көміп кетеді.

Маракананың айтуынша, қаскөйлер көміп кеткен жер құмды болғандықтан оған аман қалу бақыты бұйырған. Ол байланған аяқ-қолын босатып, өзі жер бетіне шығыпты.

Осылайша, ажалдан аман қалған жәбірленуші тәртіп сақшыларына барып, болған оқиғаны бастан-аяқ баяндайды. Қазіргі кезде қылмыскерлер ұсталған.

Тегтер: қылмыс