04.06.2020, 13:00

Бастауыш мектептің күзетшісі 40-қа жуық адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Жергілікті тұрғындар журналистерге зардап шеккендердің көпшілігі шамамен 6 жасқа дейінгі, мектепке дейінгі жастағы балалар екенін айтты.

Қытайдың Гуанси провинциясындағы бастауыш мектеп күзетшісі 40-қа жуық адамды пышақтап, жарақаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін таңғы 9-да болған. 50 жастағы баукеспе бастауыш мектепте күзетші болып істеген. Мәселемен таныс жергілікті тұрғынның айтуынша, шабуыл салдарынан 40-қа жуық оқушы мен оқытушы зардап шекті.

Олардың үшеуі, атап айтқанда, бастауыш мектептің директоры, тағы бір күзетші және оқушы ауыр жарақат алды. Мектептің кіреберісінде көп адам жиналып, жедел жәрдем көліктері келіп, балаларды ауруханаға жеткізіп жатқаны туралы бірнеше бейнеролик желіде таралып жатыр. Жергілікті тұрғындар журналистерге зардап шеккендердің көпшілігі шамамен 6 жасқа дейінгі, мектепке дейінгі жастағы балалар екенін айтты.