$ 498.51  522.84  4.81

АҚШ Қорғаныс министрі Трамптың наразылықты әскермен басу талабынан бас тартты

Оның айтуынша, президентке әскерді қолдану құқығын беретін 1807 жылы қабылданған заң тек өте қауіпті жағдайға арналған. Ал қазір АҚШ-та жағдай ондай күрделі емес.

АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер бір аптадан астам уақыт жалғасып жатқан наразылықты әскердің күшімен басу жөніндегі талаппен келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Қарусыз афроамерикалық жігіттің ақ нәсілді полиция офицері ұстаған соң көп ұзамай қаза табуы АҚШ-ты дүр сілкіндіріп, ізінше наразылық тұтанған еді. АҚШ президенті Дональд Трамп шеруді басу және тәртіп орнату үшін әскер қолдану керектігін айтқан.

Марк Эспердің айтуынша, президентке әскерді қолдану құқығын беретін 1807 жылы қабылданған заң тек өте қауіпті жағдайға арналған. Ал қазір АҚШ-та жағдай ондай күрделі емес. Оның айтуынша, мұндай жағдайда азаматтық билікке төтенше жағдай кезінде қолданылатын арнайы күш – ұлттық гвардияның жәрдемі жеткілікті.

Пентагонның қазіргі және бұрынғы басшылары да Трамптың наразылықты басуға әскерді тарту туралы талабымен келіспейтінін айтқан.

Кей жерде тәртіпсіздік пен бүлікке айналған АҚШ-тағы жаппай наразылық кезінде кемінде 11 адам қайтыс болған, ондаған адам зардап шеккен. АҚШ-тың 40 қаласының билігі коменданттық сағат белгіледі. Вашингтонға қосымша 1,5 мың сарбаз жіберілді.

Миннеаполисте 4 маусымда Джордж Флоймен қоштасу рәсімі басталды. Шара 6 күнге созылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары