07.06.2020, 06:53

«Санитайзер»: коронавирустық пандемия кезінде туған балаларға ерекше есімдер қойылып жатыр

Фото: ашық дерек көзі
Дәрігерлер баланың жаңа есіміне күлімсіреп жауап берді.

Үндістанда ата-анасы коронавирустық пандемия кезінде туған ұлына Санитайзер деген есім қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы newsroom.kz-ке сілтеме жасап. Ерлі-зайыпты баласының есімі арқылы қиын кезеңді ұмытпай еске алып жүруді мақсат еткен. COVID-19-мен күресуде көптеген құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер және химиялық залалсыздандырғыштар, соның ішінде санитарлық тазартқыш қолданылды.

Ата-аналар атап өткендей, дәрігерлер баланың жаңа есіміне күлімсіреп жауап берді.

"Адамдар коронавирусты есіне түсіре бастағанда, оларды осы химиялық зат инфекциядан сақтап қалды", – дейді жаңа туған баланың әкесі.

Сонымен бірге, ерлі-зайыптылар пандемия бүкіл адамзатқа қатысты екенін және мұндай әрекетті олардың коронавирустық инфекцияның таралуына қосқан үлесі деп санауға болатынын айтты.