$ 494.87  520.65  4.91

Пекиндегі кластерлік өршуге байланысты індеттің таралу қаупі өте жоғары

Пекин үкіметінің өкілдері 14 маусымда қалада 76 499 адам коронавирусқа тексерілгенін, 59 талдау оң нәтиже көрсеткенін хабарлады.
фото: adyrna.kz
фото: adyrna.kz

Пекин билігі Фэнтай ауданындағы "Синьфади" ірі көтерме сауда базары карантинге жабылғаннан кейін коронавирустың жаңа өршуінің қаупі өте жоғары екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

"Пекиндегі "Синьфади" базарындағы кластерлік өршуге байланысты індеттің таралу қаупі өте жоғары", - деді Пекин үкіметі баспасөз қызметінің басшысы Сюй Хэцзянь.

Ол билік ең шешуші шараларды қабылдайтынын, базар мен оған жақын аудандарда егжей-тегжейлі эпидемиологиялық зерттеу жүргізетінін, инфекцияның көзін анықтайтынын, сондай-ақ ауру ошағы мен көрші аудандардағы адамдарды тексеретінін атап өтті.

Сондай-ақ, Пекин үкіметінің өкілдері 14 маусымда қалада 76 499 адам коронавирусқа тексерілгенін, 59 талдау оң нәтиже көрсеткенін хабарлады.

11 маусымға дейін Пекинде 56 күн бойы коронавирусты жұқтырудың бірде-бір жергілікті жағдайы тіркелген жоқ.

Еске салайық, 13 маусымда "Синьфади" базары шетелден әкелінген лососьді бөлуге арналған тақтада коронавирусты анықтағаннан кейін уақытша жабылды. Фэнтай ауданында әскери жағдай режимі енгізілді, қоғамдық денсаулық сақтау саласында ТЖ-ға әрекет ету деңгейі қайтадан II деңгейге дейін көтерілді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары