$ 444.22  476.38  4.82

Парадокс: немістер ТМД тас-талқанын шығарған Ленин ескерткішін алғаш рет өз елдеріне орнатты

Бастапқыда қала билігі бұл бастамаға қарсы болыпты. Алайда, шенеуніктер кейін көпшіліктің қолдауынан аса алмаған.
фото: pikabu.ru
фото: pikabu.ru

Германияның коммунист немістері Гельзенкирхен қаласына Владимир Лениннің ескерткішін орнатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бастапқыда қала билігі бұл бастамаға қарсы болыпты. Алайда, шенеуніктер кейін көпшіліктің қолдауынан аса алмаған.

Еске сала кетсек, бұл – «Ленин атаның» Батыс Германияда алғашқы орнатылған ескерткіші. Биіктігі 2,15 метр болатын мүсінді Германия маркстік-лениндік партиясы интернет-дүкен арқылы Австриядан сатып алыпты.

Тұғыр түбіндегі салтанатты ашылу рәсімінде қызыл коммунистердің көшбасшысы туралы біраз ақпарат көрсетілген. Германия маркстік-лениндік партиясының өкілі Петер Вайспфенингтің айтуынша, олар ескерткіштің орнатылуына наразылық танытқан Гельзенкирхен қаласының әкімдігін сотқа беріп, ақыры өз мақсаттарын жүзеге асыруға рұқсат алған.

Жергілікті биліктің лениншіл немістерге қасарыса алмауына Германия маркстік-лениндік партиясы жүргізген онлайн-сауалнама нәтижесінде, оларды халықтың 68 пайызы қолдағаны себеп болған. Олардың пікірінше, «1917 жылғы революцияның, азамат соғысының салдарынан зардап шеккендер үшін тек Ленинді айыптауға болмайды».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары