Үнді-Қытай шекарасындағы кикілжің басылмай тұр. Қытай қарулы күштері Тибетте шұғыл әскери дайындық жүргізіп жатса Үндістан даулы аймаққа әуе күштерін жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
Маусымның 15-де Бенгал шығанағында болған қарулы қақтығыстан Үнділер 20 шекарашысынан айырылған. Ресми Дели, бұл оқиғаны Қытай әдейі ұйымдастырған акция, деп есептейді. Үнді пермьер-министрі Нарендра Моди, кез-келген қауіптің бетін қайтаруға дайынбыз, деп мәлімдеді.
"Мемлекеттік шекараны ешкім бұзбады. Қытай біздің бірде бір бекетке баса көктеп кірген емес. Ешкім біздің жерімізге көз сүзе алмайды. Біздің армия кез-келген қауіпке жауап беруге құқылы. Екінші жағынан біз дипломатиялық келіссөздерге де дайынбыз. Қытай біздің ұстанымызды біліп отыруы керек", - дейді Үндістанның Премьер-министрі Неранда Моди.
Үндістан даулы аймаққа әскери әуе күштерін жіберді. Тікұшақтары сан-түрлі зымырандармен қаруланған. Ресми Бейжің айтпақшы, Гималайдағы Галуан өзені даласы «Қытай жері» деп отыр.
"Галуан даласы Қытай жақта жатыр. Бұл мәселе осы күнде әр түрлі жолдармен шешіліп жатыр. Оның ішінде әскери және дипломатиялық қадамдар да бар. Білуімше осы уақытта Қытай жақта бірде-бір Үнді азаматы жоқ!", - деді ҚХР СІМ ресми өкілі Чжао Лицзян.
Маусымның 15 күнгі қарулы қақтығыста Үнді жақтан 20 шекарашы қаза болған. Қытай 43 сарбазынан айырылды деген ақпарат бар. Алайда, Бейжің өз шығынын ресми растаған жоқ. Қақтығыста екі жақтан жиынын 250 адам қатысқаны белгілі.