$ 494.87  520.65  4.91

Еуропаның үш мемлекеті Ресейді COVID-19-ға қарсы вакцинаны ұрламақ болды деп айыптады

Британия Біріккен Королдігінің киберқауіпсіздік орталығы деректеріне қарағанда, шабуылды ресейлік Cozy Bear хакерлік тобы ұйымдастырған.
фото: eadaily.com
фото: eadaily.com

«Вакцинаның бір емес, бірнеше түрін жасап шығардық» деп мақтанған Ресейге тағы айып тағылды. Кремль арнайы қызметтері вакцина құрамын батыстан ұрлап жатқанға ұқсайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Британия, Канада және АҚШ зертханалары осындай мәлімдеме таратты. Хакерлік топ атауы да белгілі. Британия Біріккен Королдігінің киберқауіпсіздік орталығы деректеріне қарағанда, шабуылды ресейлік Cozy Bear хакерлік тобы ұйымдастырған.

Олар мәліметтер базасын бұзып кіріп, вакцина құрамын ұрламақ болған. Ал ресми Кремль сол баяғыша, «Бұл шабуылдарға қатысымыз жоқ» деп жауап берді.

«Пандемия кезінде зертханаларға хакерлік шабуыл жасау деген – барып тұрған бассыздық. Британия және одақтас елдер вакцина іздеп әлек болып жатса, Ресей арнаулы қызметтері эгоистік танытуда. Біз кез келген кибершабуылға төтеп бере аламыз және айыптыларды жауапқа тартамыз», - деді Британия Сыртқы істер министрі Доминик Рааб.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары