$ 494.87  520.65  4.91

Мәскеуде ұсталған 800-ден астам әйел ерлер абақтысына қамалды

Владимир Осечкиннің айтуынша, әйелдерге заттарын алуға мүмкіндік бермеген.

Мәскеуде №6 әйелдер тергеу абақтысы өртенгеннен кейін 800-ден астам әйел ерлер тергеу изоляторына ауыстырылды, деп хабарлайды Сentralasian.org.

Gulagunet құқық қорғау жобасының жетекшісі Владимир Осечкиннің айтуынша, әйелдерге заттарын алуға мүмкіндік бермеген. Оның үстіне ерлер тергеу изоляторы толып қалған. "Мұнда мыңдаған адам дұрыс ұйықтай алмайды", – деп мәлімдеді Осечкин.

Ал Қоғамдық бақылау комиссиясының жауапты хатшысы Алексей Мельников әйелдер тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ деп хабарлады. Ол жақын күндері әйелдерді кері қайтаратынын жеткізді.

Жақында Мәскеудегі №6 әйелдер тергеу изоляторындағы қоймадан өрт шыққан. Ресми мәліметке сәйкес, ешкім зардап шекпеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары