Бейрут портында жойқын жарылыс болып, 78 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
4 тамызда Бейрут портындағы жойқын жарылыс болды. Қала губернаторының айтуынша, қаладағы ғимараттардың жартысы қираған, ауруханалар зардап шеккендерге толы.
"Қаза тапқан адамдардың саны 78-ге жетті. 4 мыңнан аса адам жараланған", - дейді Ливанның денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.
Ливан билігі қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Себебі, көптеген адам іс-түссіз жоғалғандардың қатарында. Құтқарушылар үйінділер астынан адамдардың мәйітін шығарып жатыр.