Дүйсенбі күні Манхэттен аудандық прокуроры аудандық прокуратураның Дональд Трампқа тиесілі "Трамп ұйымы" заңсыз қозғалысының іс-әрекетін тергеп жатқанын бірінші рет мәлімдеді. Бұл туралы Abai.kz, CNN телеканалына сілтеме жасап хабарлады.
Дереккөзінің хабарлауынша, "Трамп ұйымы" банк саласында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Бұл жөнінде аудандық прокурор Сайрус Вэнстің арызында айтылған. Сайрус Вэнс сотты Дональд Трамптың соңғы 8 жылдағы табыс декларациясын талап етуін заңды деп тануын сұрайды.
Осыған дейін прокуратура президенттен сайлау қорындағы ақшаны заңсыз пайдаланды деген істі зерттеу кезінде салық құжаттарын талап еткен. Онда "Дональд Трамп 2016 жылы сайлауалды науқан кезінде өзімен интимдік байланыста болған екі әйелге үндемеу үшін қомақты ақша төлеуі мүмкін" деген болжам бар.
Президент адвокаттары "прокурордың талаптары негізсіз, мұның саяси астары бар" деп мәлімдеген.
Бұл мәселеге қатысты президент Трамп мұны өзінің саяси қарсыластары демократтардың іс-әрекеті деп баға берді.