$ 494.87  520.65  4.91

Facebook пен Twitter «жалған ақпарат таратқан» Трамптың аккаунттарын бұғаттап тастады

Видео үзіндісі жойылғанша аккаунттың тоқтағаны жарияланған.

Facebook пен Twitter коронавирусқа қатысты "жалған ақпарат таратты" деп АҚШ президенті Дональд Трамптың аккаунттарын бұғаттады.

BBC ақпаратынша, "балалардың коронавирусқа иммунитеті бар" екені айтылған бейнеүзінді үшін екі компания Трамптың аккаунттарын шектеген. АҚШ президенті оны Fox News-қа берген сұхбатынан үзінді етіп жариялаған.

Facebook "онда коронавирусқа қатысты зиянды, жалған ақпарат" бар деп хабарламаны жойған.

Twitter Трамптың науқандық аккаунтын бұғаттаған. Видео үзіндісі жойылғанша аккаунттың тоқтағаны жарияланған.

Дереккөз: Qamshy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары