Бүгін Волгоградта түстен кейін жанармай құю бекетінде қатты жарылыс болды, деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
РИА Новости хабарлағандай, өрттің жалыны көпқабатты ғимараттардан асып түскен. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің 12-сі белгілі - олар ТЖМ қызметкерлері және жай өтіп бара жатқан адамдар, олардың ішінде 16 жастағы жасөспірім бар.
РФ Волгоград облысындағы тергеу басқармасының баспасөз қызметі Тракторозавод ауданы бойынша тергеу басқармасымен бірігіп, жанармай бекетіндегі өрт фактісі бойынша тексеріс басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.