$ 498.34  519.72  4.85

Бейрутта наразылық акциялары қайта күшейді

Олар енді ел президенті Мишель Аунның лауазымынан шеттетіліп, Ливан парламентінің толығымен тарағанын талап еткен.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Бейрутта ел билігіне қатысты наразылық акциялары қайта басталды. Бұл жолы шерушілер билікке жаңа талап қойған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы nur.kz сайтына сілтеме жасап.

БАҚ-тың хабарлауынша, бұл жолы халық көшеге жаңа талаппен шыққан. Олар енді ел президенті Мишель Аунның лауазымынан шеттетіліп, Ливан парламентінің толығымен тарағанын қалап отыр.

Al Arabiya басылымының жазуынша, шерушілердің басым бөлігі қазіргі таңда Бейрут портына кіреберістегі ауданда байқалуда.

Бұған дейін Ливан билігі елдегі жаппай наразылық білдірушілердің талабын қағанаттандырып, ел үкіметін отставкаға жіберген болатын. Сонымен қатар осыған дейін жойқын жарылыс болған Бейруаттағы наразылық акцияларынан 700-ден аса адам жарақат алып, бір тәртіп сақшысы қаза болғаны хабарланған еді.

Еске сала кетейік, 4 тамызда Ливан астанасы Бейрутта жойқын жарылыс болды.

Елдің премьер-министрі Хассан Диябтың сөзіне қарғанда, 100-ден астам адамның өмірін жалмаған порттағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болған. Жарылыстан кейінгі тергеу барысында Ливан билігі 16 адамды қамауға алды. Олардың арасында Бейрут портының бас директоры да бар. Сонымен қатар судья порттың жұмысшыларынан жауап алынып жатқанын атап өткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары