$ 494.87  520.65  4.91

Светлана Тихановская видеоүндеу жасады (ВИДЕО)

15-16 тамызда барлық қаланың мэрін бейбіт жиындарды ұйымдастырушы ретінде шақырамын

Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская жаңа видео үндеу жасады, - деп хабарлайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол өзіне дауыс берген Беларусь халқына алғысын білдірді.

«Комиссия мүшелері халықтың даусын әділ санаған сайлау учаскелерінде мен 60-тан 70 пайызға дейін дауыс жинадым. Беларусь халқы қазіргі билікпен бірге өмір сүргісі келмейді. Оның (Лукашенко - ескерту) жеңісіне көбі сенбейді. Біз өз таңдауымызды заң аясында ғана қорғауымыз керек. Ал адамдардың бейбіт түрде көшеге шығуын билік қанды қақтығысқа айналдырды», - дейді ол.

Светлана Тихановская билікті халықпен диалог орнатуға шақырды.

«15-16 тамызда барлық қаланың мэрін бейбіт жиындарды ұйымдастырушы ретінде шақырамын», - деді Беларусь президенттігіне үміткер.

Еске салайық, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласқан еді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары