Мали республикасында әскери төңкеріс болды. Елдегі шектен шыққан жемқорлық пен режимді өзгерту үшін қолдарына қару алған әскерилер ел президенті мен бірнеше министрді тұтқынға алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Qamshy.kz сайтының жазуынша, әскери төңкеріс жергілікті қарулы күштердің араласуымен болған. Оны полковник Садио Камараның басқарған. Нәтижесінде бүлікшілердің құрығына түскен билік өкілдерінің ішінде Сыртқы істер, Қорғаныс министрі, Экономика және қаржы министрі сондай-ақ Ұлттық Ассамблеяның спикері секілді лауазымды тұлғалар бар.
Сарбаздар Кати қаласындағы Соундиата әскери базасына шабуыл жасап, аға офицерлерді де қамауға алған. Қала көшелеріндегі танктер мен бронетранспортерлер, сондай-ақ әскери жүк көліктері Бамако астанасына бет алғандығы белгілі болды.
18-і күні кешке қарай бүлікшілер президенттің ұлы Карим Кит пен премьер-министр Буба Сиссті тұтқындапты. Олар Малидің қазіргі президенті Ибрахим Бубакар Кейтанның елден кетуін талап етті. Алғашқы мәліметтерде президенттің Ибрахим Бубакар Кейта қауіпсіз жерге тапсырылғандығы жайлы айтылған еді. Соңғы хабарға сүйенсек, президент те қамауға алынды.
Еуропа Кеңесінің президенті Чарльз Мишельдің айтуынша, бұндай әскери төңкеріс (қаншалықты ауқымды болса да) малиліктерге дағдарыстан шығуға көмектеспейді.
Елдегі жоғары лауазымды тұлғаларын қамауға алғанымен, бүілкшілер әлі де нақты саяси жоспары мен талаптарын жария етпеген.
Мали – Батыс Африкада орналасқан, үлкен саяси дағдарысқа ұшырап отырған мемлекет.