23.08.2020, 00:55

Кішкентай қыздың рухы түнде қабірлерді аралап жүр

Жақын туысы жерленген отбасы да осындай проблемаға тап болып, камера орнатқан. Түндердің бірінде ол қабірлерді аралап жүрген кішкентай қыз жүргенін байқаған.

Нью-Мексико тұрғыны Саундра Гонсалес Facebook-те өзінің жүрекжарды оқиғасымен бөлісті. Оның 2 жасар қызын екі жыл бұрын өлтірді деп болжанған, бірақ, өлтіруші әлі күнге дейін бостандықта жүр. Жақында әйел қызының қабірінен ойыншықтар ұрланғанын байқап, күзетшілерден мұқият болуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

Жақын туысы жерленген отбасы да осындай проблемаға тап болып, камера орнатқан. Түндердің бірінде ол қабірлерді аралап жүрген кішкентай қыз жүргенін байқаған. Басында адамдар қыз жоғалып кетті деп шешті. Бірақ, олар күзетшілерге жүгінгенде, олар Саундраның қызын таныды және қатты қорқып кетті. Содан кейін фотосуретті қайғыға оранған анасына көрсетті, әйел ол қыздың өз қызына ұқсас екенін растады.

«Мен бұл жазбаларды көргеннен кейін қатты жыладым. Өйткені, бұл менің қызым екенін білемін! Жүрегімде ешқандай күмән жоқ, өйткені, ол басынан аяғына дейін, шашынан бастап киім мен тәпішкесіне дейін ұқсайды», - дейді Саундра Гонсалес.

Саундра қызын жігітіне қалдырып кеткенде, қыз күдікті жағдайда қайтыс болды, деп жазады The Sun. Медициналық қызметкерлердің айтуынша, нәрестенің басында, бетінде және қабырғаларында жарақат болған. Ер адам балаға зиян келтірді деген айыппен қамауға алынды, бірақ, бір жылдан кейін кепілмен босатылды.

Тегтер: рух Қабір қыз