АҚШ билігі Сирияда болған жол апатына ресейлік әскерилерді айыптап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы Құрама штаттарынаның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Эллиот хабарлайды. Ақ үйдің мәліметіне сай Сирияның солтүстік шығысында Ресейдің автокөлігі АҚШ-тың брондалған көлігіне соқтығысқан. Енді Вашингтон «Ресей тарапын 2018 жылы жанжалдың алдын алу мақсатында жасасқан келісімнің хаттамасын бұзды» деп кінәлап отыр.
Жуырда Пентагонның баспасөз қызметі Ресейдің бас штабының басшысы Валерий Герасимов пен Штаб бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы, АҚШ армиясының генералы Марк Миллимен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. Әзірге тараптар қандай шешімге келгені белгісіз.