31.08.2020, 09:50

Бразилияда коронавирустың таралуы бәсеңдемей тұр

фото: pixabay.com
Жалпы, бұл мемлекетте дертке шалдыққандардың саны 4 миллионға жуықтаған.

Әлемде короонавирус жұқтырғандар саны 25 миллионннан асты. Бұл туралы америкалық Джонса Хопкинс атындағы университет мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қауіпті вирус АҚШ, Бразилия, Үндістан, Ресей және Перуде кең тарады. Дертке шалдыққандардың төрттен бір бөлігі – Құрама Штаттарда. Мұнда соңғы бір тәулікте 44 мыңнан астам тұрғын вирусты жұқтырып, ауырғандардың жалпы саны 6 миллионға жуықтады. Індеттен 180 мыңнан астам науқас көз жұмған. 

 Соңғы бір күнде дертті 16 мың азамат жұқтырып алған. Бұл өткен аптадағы бір күндік көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Жалпы, бұл мемлекетте дертке шалдыққандардың саны 4 миллионға жуықтаған. Олардың 3 миллиондайы емделіп шығып, 120 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Ал Перуде коронавирусты жұқтырғандардың саны 630 мыңға тақады.

Кеселден 28 мыңнан астам көз жұмған. Соңғы апталарда індеттің таралуы қайта күшейіп, елде төтенше жағдай тәртібі қайта қыркүйектің 30-ына дейін созылды.