$ 448.15  483.46  4.86

Грек сарбаздары Түркия аумағынан анық көрінетін өз туларының суретін салды

«Фотоаппарат арқылы қараған сәтте не екенін көрдім. 438 адам алып грек туын жартасқа салған екен» деп жазды Twitter желісіне түрік тілшісі Энгин Баш.

Грекияның Кастелоризо аралында Түркиядан көрінетін алып тудың суреті салынды. Гректер осылайша бұл аралдың кімге тиесілі екенін көрсеткісі келген.

«Бірнеше күн бойы сарбаздар тынбай тер төкті. Олар не істеп жүр деп мен таңданатын едім. Фотоаппарат арқылы қараған сәтте не екенін көрдім. 438 адам алып грек туын жартасқа салған екен» деп жазды Twitter желісіне түрік тілшісі Энгин Баш.

Кастелоризо аралы Түркия мен Грекия арасындағы саяси қақтығыстың ошағы болып отыр. Анкара Oruc Reis кемесі арқылы аталмыш арал маңында бұрғылау жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеген болатын.

Шілде айында екі елдің әуе күштері аралдың маңында әскери күштерін көрсету мақсатында жаттығу өткізді. ЕО елдері Түркияның бірқатар бұрғылау компанияларына санкция салуға келісіп, артынша Грекия, Франция, Италия мен Кипр бірлескен әскери жаттығу жасады. Жағдайдың шиеленіскені соншалық, Афина аралға қосымша әскери күш жіберсе, Түркия әскери кемелер санын еселеп арттырған.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары