24.09.2020, 10:20

Барак Обама ешқандай президент жасамаған іске барды

Обама қолы босағанда жауап жазатынын атап өтті және алдағы дауыс беру туралы өз ойын айтуға уәде етті.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Желіде телефон нөмірін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жаңа бірдеңе жасап көрейік. Егер сіз Құрама Штаттарда болсаңыз, 773-365-9687 телефонына хабарлама жазыңыз. Мен жағдайыңызды, не туралы ойлайтыныңызды және осы жылы қалай дауыс беруді жоспарлап отырғаныңызды білгім келеді", - делінген постта.

Обама қолы босағанда жауап жазатынын атап өтті және алдағы дауыс беру туралы өз ойын айтуға уәде етті.

Еске салайық, АҚШ-да президент сайлауы 3 қарашада өтеді деп жоспарланған. Бірнеше штатта мерзімінен бұрын сайлау басталып кетті. Қазіргі президент Дональд Трамп екінші рет сайлауға қатысып жатыр және оның қарсыласы - демократтардың атынан Джо Байден.

Тегтер: Барак Обама