Әлем 28.09.2020 сағат 14:20

Пайдаланылған мүшеқаптарды сатқан алаяқтар ұсталды

Оның қоймасынан мүшеқаптар жақын маңдағы қонақ үйлерге, дүкендерге және дүңгіршектерге жеткізіліп отырылған.
Пайдаланылған мүшеқаптарды сатқан алаяқтар ұсталды
фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 Вьетнам полициясы Бинь Дуонг провинциясындағы қоймадан пайдаланылған 324000 мүшеқапты тәркіге алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Белгілі болғандай, бұл мүшеқаптарды пайдаланылып қойғанына қарамастан, алаяқтар қайта сатып келген деп жазады dailymail.co.uk басылымы.

 Мүшеқаптардың барлығы жуылып, кептіріліп, ағаш дилдоға оралып, қайта сатуға жіберіліп отырған.

Вьетнамның оңтүстігіндегі Бинь Дуонг провинциясында орналасқан. Тәркіленген мүшеқаптардың салмағы 360 келіні құраған. Аталмыш қоймадан қанша мың мүшеқап сатылымға шығып қойғаны белгісіз, бірақ олардың саны бірталай болатыны сөзсіз. 

Бұл жайта қоғам арасында резонанс тудырды. Резеңке бұйымдарды жуып, қайта сату жұмысына бір топ адам жалданған. Қойма иесі деп танылған 33 жастағы Фам Тхи Тхань Нгок қамауға алынды. Ол мүшеқаптарды айына бір рет белгісіз адамнан алатындығын мәлімдеді. Оның міндеті қолданылған өнімді қайта сату мақсатында қайта өңдеу процесін құру болған және ол бұл тапсырманы ойдағыдай жүзеге асырып келіпті. Оның қоймасынан мүшеқаптар жақын маңдағы қонақ үйлерге, дүкендерге және дүңгіршектерге жеткізіліп отырылған. 

Мүшеқаптар дереу тәркіленді және олар қауіпті медициналық қалдықтар болып саналатындықтан, бірден жойылды. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар