01.10.2020, 17:20

33 жастағы спортшы қарсыласын бір-ақ соққымен есінен тандырды

фото: pixabay.com
Кездесу жартылай орта салмақты спортшылардың арасында өткен болатын.

Рио-де-Жанейрода өткен Shooto Brazil 101 турнирінде кейінгі айлардағы ең әдемі нокауттардың бірі болды, деп хабарлайды Vesti.kz

Гайаналық Карлстон Харрис жекпе-жектің екінші раундында бразилиялық Алекс Сантосты оң жақ кросспен есінен тандырды. Кездесу жартылай орта салмақта өткен болатын. 

Сонымен қоса, Абу-Дабидегі UAE Warriors 13 турнирінде де жойқын нокаут болды. Бұл жарыста орта салмақта жұдырықтасатын иорданиялық Хашим Архагха бразилиялық Юри Фрагуды сұлатып түсірді.   

Тегтер: спортшы