05.10.2020, 15:00

Ливияда жойқын жарылыс болды

фото: tengrinews.kz
Қойма осы төңіректің қауіпсіздігіне жауапты әскери топқа тиесілі.

 Ливия астанасы Триполидің батысында болды. Бұл туралы Хабар  24 жергілікті Al-Marsad порталына сілтеме жасап хабарлады.  

Басылым мәліметінше, жарылыс Джанзур ауданындағы оқ-дәрі қоймасында болған. Ал бұл қойма осы төңіректің қауіпсіздігіне жауапты әскери топқа тиесілі.  

 Әзірге қаза тапқандар мен шығын туралы мәлімет жоқ.  

Тегтер: жарылыс