Әлем 06.10.2020 сағат 00:45

Бішкекте сайлау қорытындысына қарсы шыққандар Ақ үйге шабуыл жасады (ВИДЕО)

Жиналғандар алдында сайлауға қатысқан 11 партияның лидерлері сөз сөйледі.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бішкектегі Ала-Тоо алаңында Жогорку Кенешке сайлау қорытындысына қарсы митингіге қатысушылардың саны үш мыңнан бес мыңға дейін жетті. БАҚ оқиғалар хроникасын жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазіргі таңда "Вечерний Бишкек" басылымының мәліметі бойынша, оқиға орнына арнайы жасақ тартылған. Қатысушылар Интернеттің өшірілгенін хабарлады.

Ұйымдастырушылар наразылық акциясының мерзімсіз екенін айтты.

Жиналғандар алдында сайлауға қатысқан 11 партияның лидерлері сөз сөйледі. Олар көптеген ережебұзушылық болды деп, соған байланысты сайлауды өтпеді деп тануды талап еткен.

24.kg порталы кешке алаңда наразылық білдірушілер Шу даңғылы бойындағы жолды жауып тастағанын хабарлады. Сондай-ақ биліктің барлық тармағы басшыларын отставкаға жіберу талаптары да айтылды.

Бішкектің орталығындағы сауда орталықтары мен дүкендер бір сәтте асығыс жабыла бастады.

Sputnik Қырғызстан мәліметінше, сайлауға қатысқан 11 партия дауыс беру нәтижелерін жою және жаңа сайлауды тағайындау туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойған.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21.00 шамасында жағдай ушығып кетті. Жиналғандар парламент пен Президенттің резиденциясы орналасқан Ақ үйдің қоршауына шабуыл жасай бастады. Кейбіреулер оған мініп алды. Ақ үйге қарай тас атылды.

Милиция қырғыз драма театрының жанында тізіліп, топ болып Ақ үйге бет алды. Атыс естілді. Басылымның ақпараты бойынша, үкімет үйі жанында өткен митингіге келгендерді құқық қорғау органдары қуған. Олар көшелерді тасалаған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар