06.10.2020, 21:39

Бішкектегі тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендердің жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: bbc.com
Соңғы дерек бойынша, тәртіпсіздік нәтижесінде 686 адам зардап шеккен.

Бішкектегі тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен жалпы саны 686 адам медициналық мекемелерге жүгінген, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz сайты. 

Ведомствоның мәліметінше, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 521 зардап шегуші амбулаториялық емделуге жіберілген. Әртүрлі деңгейде жарақат алған 164 адам ауруханаға жатқызылды, оның 7-уі жансақтау бөлімінде. 2001 жылы туған бір ер адам қайтыс болды.

Бішкектегі травматология және ортопедия ғылыми орталығы жалпы саны 313 адам жүгініп, оның 75-і ауруханаға жатқызылды, үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Зардап шеккен 2115 адам Ұлттық госпитальге жүгінген, оның 58-і ауруханаға жатқызылды, төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

№ 1 қалалық клиникалық ауруханаға жарақат алған 30 адам жүгініп, оның жетеуі ауруханаға жатқызылды. Шу облыстық ауруханасына 113 адам жүгінген: оның 102-сі амбулаториялық емделуге жіберілді, 11-і ауруханаға жатқызылды.

Ұлттық хирургиялық орталыққа 15 адам жеткізілген: оның екеуі амбулаториялық ем алуға жіберіліп, 13-і ауруханаға жатқызылды.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижесімен келіспегендер 5 қазанда Бішкек орталығында митинг өткізіп, кейінірек наразы топ парламент ғимаратын, Ақ үй, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына басып кірді. Сондай-ақ бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатып алған. Наразы топ астаналық әкімдік ғимаратын да басып алған.

Бішкектегі Ала-Тоо алаңында болған көтерілісте бір адам қаза тапты. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.