07.10.2020, 10:40

Пашинян Әзербайжан тарапына мәлімдеме жасады

фото: 24.kz
Қыркүйектің 27-сі күні Таулы Карабахта қақтығыс басталып, аймақтағы жағдай ушығып кетті.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян француз ақпарат агенттігіне берген сұхбатында егер Әзербайжан Таулы Қарабақ бойынша кейбір талаптарынан бас тартса, Армения да келіссөз жүргізуге дайын екендігін айтты, деп жазады Хабар 24.

 Армян басшысының айтуынша, шиеленіс қақтығысушы тараптар бір-бірінің талаптарына құлақ асып, келісім арқылы шешілу керек. 

«Егер Баку шиеленісті шешуге қадам жасаса, Ереван мен Таулы Қарабақ та қарап қалмайды» деді ол. Әзербайжан тарапы Пашинянның мәлімдемесіне әлі жауап қатқан жоқ.

 Еске сала кетейік, қыркүйектің 27-сі күні Таулы Карабахта қақтығыс басталып, аймақтағы жағдай ушығып кетті.