АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың коронавирус инфекциясы таралғаны үшін "жауап беретініне" уәде берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Бұл сіздердің кінәларыңыз емес, болған жағдайға Қытай кінәлі. Қытай біздің елге және әлемге жасаған ісі үшін жауап беретін болады", – деп мәлімдеді Трамп Twitter желісінде жариялаған бейнеүндеуінде.
Өз кезегінде Қытай коронавирус инфекциясының тарауына байланысты АҚШ-тың айыптауларын теріске шығарып отыр. Ал Дональд Трамп АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаның қараша айындағы президент сайлауынан кейін пайда болатынын жеткізіп, бұған саясатты кінәлады.