Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан үкіметі мен премьер-министрі Кубатбек Бороновтың отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
"Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енді", - деп хабарлайды Жээнбековтың баспасөз қызметіндегілер.
Үкімет министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін атқара береді.
"Жарлыққа сәйкес, премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері лауазымдарын атқарған адамдар үкіметтің жаңа құрамы қалыптасқанға дейін бұрын атқарған қызметтеріндегі міндеттерін орындауды жалғастырады", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.