Бейруттағы жанар-жағармай қоймасында жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Reuters.
"Ғимараттағы жанармай багының жарылуы салдарынан төрт адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды", - Ливанның Қызыл Кресті.
Жарылыс халық көп шоғырланған Тарик Джадидадағы жанар-жағармай сақталған қоймада болды. 50-ге жуық адам зардап шеккен.
Еске салайық, Бейрут портының ауданында 4 тамыз кешке жойқын жарылыс болған еді. Қала губернаторының айтуынша, қаладағы ғимараттардың жартысы зардап шеккен және ауруханалар зардап шеккен адамдарға толған. Жойқын жарылыс кезінде Қазақстан консулы зардап шекті.